Меню

Страницы

Статья

АВТОРЛАНУДЫҢ ТАҒЫ БІР ЖЕДЕЛ ТӘСІЛІ ҚОЛЖЕТІМДІ

БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында салымшылар үшін авторланудың тағы бір тәсілі қолжетімді.

 Енді ұялы қосымшадағы Жеке кабинетке ЖСН мен парольді пайдалану арқылы ғана емес, сонымен қатар телефонға алдын-ала жүктеп алған "eGov mobile" электрондық үкімет қосымшасы арқылы да кіруге болады.

 Әрекеттер алгоритмін ұсынайық. БЖЗҚ ұялы қосымшасына кіргеннен кейін "Кабинет" батырмасын тауып, оған басу керек. Әрі қарай авторланудың "eGov mobile" әдісін таңдап, ЖСН енгізіп, "eGov mobile жүйесі арқылы кіру" батырмасын басыңыз. Осыдан кейін біз "eGov mobile"-да авторлануды растап, БЖЗҚ қосымшасына ораламыз. Мұнда авторланудың сәтті аяқталғаны расталады.

 Әрі қарай "Кіру" батырмасын басу арқылы Жеке кабинетке өтіңіз. Барлығы қарапайым және ыңғайлы!

БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте авторлану туралы бейненұсқаулық Қордың YouTube арнасында жарияланған. https://www.youtube.com/shorts/dNQhMougUQo

Қордың ақыл-кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады.

Дата публикации
23 февраля 2024
Дата обновления
23 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы