Қазақстанда 16 желтоқсан күні басты мемлекеттік мерекелердің бірі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні атап өтіледі.
Осыған байланысты, 16 желтоқсанда (сенбі) кезекші ХҚКО және МХҚКО жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.
Бұл ретте облыс орталығында кезекші ХҚКО мен МХҚКО 18 желтоқсан дүйсенбі жұмыс істейтін болады.
Петропавл қаласында кезекші ХҚКО — Әуезов көшесі,157-үй мекенжайы бойынша орналасқан №1 ХҚКО болып табылады, жұмыс кестесі 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Нефтепроводная көшесі, 7-үй мекенжайы бойынша орналасқан МҚКО мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдерді сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттарды беру 09.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.
19 желтоқсаннан бастап келушілер Мемлекеттік қызметтерді әдеттегі кестеде ала алады. Барлық басқа күндері жұмыс кестесі сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері кезекші ХҚКО-лар 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. ХҚКО-ның қалған бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі — жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі