Тимирязев ауданындағы жергілікті атқарушы органдардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша
жүргізіп жатқан жұмыстары туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
«Қазақстан Республикасында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығымен мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тікелей міндет жүктелді, бұл үшін дербес жауапкершілік белгіленді.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс - шаралар жоспарының 88-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді.
Тимирязев ауданының атқарушы органдары тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
Тимирязев ауданының әкімдігі мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын зерделеу бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізеді. 2023 жылы Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары бойынша 3 сабақ өткізілді, жыл соңына дейін 1 сабақ өткізу жоспарланған.
Әдеп жөніндегі уәкіл жүйелі ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мінез-құлық қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру профилактикалық іс-шараларын жүзеге асырады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. 2023 жылы барлық жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Талдамалық анықтамалар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жоспарлар мемлекеттік органдардың ресми сайттарында орналастырылған. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде анықталған ұсынымдарды іске асыру жүзеге асырылуда.
Бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өз қызметін жалғастыруда. 2023 жылы 3 отырыс өткізілді, жыл соңына дейін 1 отырыс өткізу жоспарланған. Отырысты өткізу кезінде 6 мәселе қаралды, ұсынымдар берілді, олар орындалуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халық арасында ақпараттық-насихаттау қызметі бойынша жұмыс жалғасуда. Аудандық газетте 2023 жылы ауданның мемлекеттік органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 5 мақала жариялады.
2023 жылы жергілікті атқарушы органдардың Facebook парақшаларында аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 12 мақала жариялады.
Аудан кітапханалары жетекшілік ететін салаларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда іс-қимыл тәртібін (қызмет ерекшелігін ескере отырып), сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін тарату материалдарын халық арасында тарату бойынша 6 іс-шара өткізді.
Мәдениет саласының, халықты жұмыспен қамту орталығының, ақсақалдар кеңесінің, аудандық архивтің, Тимирязев ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерін тарта отырып, парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық құндылықтарын ілгерілету үшін 2 іс-шара өткізілді.
Аудан кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 17 кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Amanat» партиясының аудандық филиалында 2023 жылғы 26 мамырда «Халық заңгері» ауқымды акциясы өтіп, 7 азаматқа көмек көрсетілді.
2023 жылғы 14-15 шілдеде халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру бойынша «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.
2023 жылғы 30 наурызда «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Ф. Степаненкомен бірлесіп Мемлекеттік қызмет мәселелерін түсіндіру, әдеп нормаларын сақтау және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Кездесуге мемлекеттік қызметшілер, бұқаралық ақпарат құралдары, Тимирязев ауданы мектептерінің бітіруші сынып оқушылары, агротехникалық колледж студенттері қатысты.
2023 жылғы 26 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Д.К. Тайшабаймен бірлесіп мемлекеттік қызметке кіру және өту, президенттік жастар кадр резервіне іріктеу тәртібі мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өткізілді. Семинарға мемлекеттік қызметшілер, аудан жастары, Тимирязев ауданы мектептерінің бітіруші сынып оқушылары қатысты.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы бөлімі құрылды, онда тиісті нормативтік құқықтық актілер, жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері, бейнероликтер және басқа да түсіндірме ақпарат жарияланды.
Баннер өнімдерін сатып алу және орналастыру маңызды. Аумақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 8 баннер орналастырылған.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілер мен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Тимирязев ауданы әкімінің м.а. Р. Рамазанов