2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Тимирязев ауданында орындалуы туралы 2023 жылғы 1 тоқсан жағдайына ақпарат
Тимирязев ауданында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мақсаты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Бағдарламаны орындау барысында тіл саясатын жүргізу бойынша жұмыс бірнеше бағытта жүргізіледі.Олар: іс жүргізуде және жұмыс барысында мемлекеттік тілдің қолданылуы, мемлекеттік қызметшілерге, жалпы ересектерге мемлекеттік тілді үйрету, мемлекеттік тіл мен ауданда тұратын этнос тілдерін насихаттау, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту және ономастика жұмыстары.
Ауданда өткізілуі көзделген барлық іс-шаралар жалпы мемлекеттік және ұлттық бірегейліктің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени, тілдік қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыруға бағытталған.
Тимирязев ауданының барлық мекемелері мемлекеттік тілді дамытуға, оның қолданылуына бағытталған, мемлекеттік тілдің басымдығын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген іс-шаралармен қамтылады және аудандық іс-шараларды өткізуде тіл туралы заңнама қатаң сақталады.
Бағдарламаның мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру және мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту міндеттерін орындау үшін Тимирязев ауданында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап мемлекеттік тілді ересектерге оқыту бойынша үйірме жұмысы ұйымдастырылған. 26 топ жұмыс істейді, 15 ауылдық округте және мектептерде, кәсіптік-техникалық колледжде оқытылатын қызметкерлерді қосқанда оқытылатын тыңдаушылар саны 287 адамды құрайды. Сабақтар аптасына 2 рет өткізіледі. Оның күні мен уақыты, оқытушысы, тізімі мекеме басшысының тиісті бұйрығымен немесе өкімімен белгіленген.
Ауданда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен оқытылатын 45 тыңдаушысы бар 3 топ бар, оның ішінде 15 адам- аурухана қызметкерлері, 15 адам- құрама топтағы тыңдаушылар, 15-аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері.
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін білу үшін жылына екі рет маусым және қараша айларында тыңдаушылар «Қазтест» бағдарламасы негізінде облыс орталығы Петропавл қаласында тесті тапсырады, нәтижесінде тестілеуден оң қорытындымен өткен тыңдаушыларға тиісті деңгейі бойынша сертификат табысталады.
Ай сайын құжаттар мониторингі жүргізіліп, тоқсан сайын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына тапсырылады. Іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру белсенді жүзеге асырылуда. Ауданның мемлекеттік мекемелерінде қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы шамамен 98 пайызды құрайды.
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту жөніндегі маманымен мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, сауда объектілерінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес көрнекі ақпарат пен маңдайшалардың дұрыс жазылуы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі және әдістемелік көмек көрсетіледі.
Бүгінгі күнге ауданымызда өзекті болып отырған ономастика мәселесі тіл саясатының алдыңғы бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары негізінде:
2021 жылы Ақсуат ауылдық округінің 2 көшесінің ескірген атауы (Красноармейская көшесі-Меңдеке батыр көшесіне, Пролетарская көшесі-Ақсуат көшесіне), Дмитриев ауылдық округі Жарқын ауылының 3 көшесі атауы (Северная көшесі-Бейбітшілік көшесіне, Школьная көшесі – Ақан сері көшесіне, Водников көшесі-Сағындық Куркин көшесіне) қайта аталды. Мичурин ауылдық округінің (Киров көшесі -Шоқан Уәлиханов көшесіне, Комсомольская көшесі -Мағжан Жұмабаев көшесіне, Коминтерн көшесі -Ғабит Мүсірепов көшесіне) және Хмельницкий ауылдық округінің (Пионерская көшесі - Смағұл Сәбдуақасов көшесіне, Комсомольская көшесі -Сәбит Мұқанов көшесі, Калинин көшесі - Абай көшесіне) көшелерін қайта атау және Тимирязев ауылының бір көшесіне (атауы жоқ көшеге-Әлия Молдағұлова көшесі) Ақсуат ауылдық округінде 2023 жылы 5 көше атауы өзгертілід (Комсомольская көшесін Астана көшесі, Клубная көшесі Былай хана көшесі, Первомайская көшесін Мағжан Жұмабаев көшесі, Студенческая көшесін Шоқан Уалиханов көшесі, Шевченко көшесіЖібек жолы көшесіне)
Үстіміздегі жылы ауданның 2 ауылдық округінің ескірген атауын қайта атау бойынша жұмыс жүргізу жоспарланған. Дзержинский ауылдық округінің ескірген атауын қайта атау жұмысы 2023 жылғы сәуір айына, Комсомол ауылдық округін қайта атау жұмысы 2023 жылғы шілде айына жоспарланған.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2018 жылғы 06 маусымдағы № 36-ө «Ономастикалық объектілердің тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылған.
Аудандық «Нива» газетінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бойынша мақалалар жариялаудың медиа-жоспары бекітілген.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының 2022 жылға арналған Қазақстан халқының мемлекеттік және басқа да тілдерін насихаттау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілген және оның орындалуы, жоспарланған шаралардың өткізілуі қатаң бақылауда.
Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы міндеттерін орындау мақсатында ауданда қазақ, орыс, ағылшын және этностық топтардың тілдерін дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспарына қазақтың әйгілі тұлғалары: 150 жылдығы Юнеско аясында атап өтілетін Ахмет Байтұрсынұлына арналған іс-шаралар, Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған байқаулар, үш тілді меңгерген жастар арасында өткізілетін «Тәуелсіз елдің тіл шеберлері» байқауы, «Туған жерге арнау» жас ақындардың арасында қазақ және орыс тілдерінде конкурс, «Үздік ілеспе аудармашы» аудандық байқауы, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық конкурсының аудандық кезеңін өткізу, «Қызылжар тарихы қызықтырады» Солтүстік Қазақстан облысы туралы Тимирязев аграрлы-техникалық колледжінің студенттері мен аудан мектептері оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде эссе жазу конкурсы, семинар, Тілдер фестивалін өткізу, конференцияларға қатысу жоспарланған.
Бұған қоса латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту міндетіне сәйкес түсіндіру-насихаттау бағытында 1-жартыжылдыққа 13 іс-шара жоспарланған.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
ішкі саясат, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы
Р.Медетова