Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

31 наурыз 2023 жыл

Қандай тауарлар бойынша тауарларға ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу қажет

Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 сәуірінен бастап тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелер күшіне енетінін ескертеді, олар:

  • «Виртуалды қойма» модулін қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар бойынша;
  • «Виртуалды қойма» модулін қолданбай ЕАЭО шеңберінде (барлық тауарлар бойынша) тауарлардың импорты/экспорты кезінде.

Қалған тауарлар бойынша тауарларға іліспе жүк құжаттарды қолдану ерікті негізде жүзеге асырылады.

Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және рәсімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен реттелед.

Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін «Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Маңызды айта кету қажет:

  1. Тауарларға іліспе жүк құжаттарды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде үш тәсілмен: gov.kz порталында, салық төлеушілердің есепке алу жүйелері арқылы немесе ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында рәсімделеді. Барлық көрсетілген әдістерге қол жеткізу тегін.
  2. «Виртуалды қойма» модулін қолданбай тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу үшін: рәсімдеу кезінде порталда «Тауар ВҚ емес» таңдауын пайдалану қажет; есепке алу жүйелерін пайдалану кезінде «Тауар идентификаторы» бағанында «1» саны қойылады.
  3. Тауарларды «Виртуалды қоймаға» кірісті өшіру үшін (тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелері жоқ тауарлар бойынша) ЭШФ АЖ порталындағы параметрлерді өзгерту қажет (Параметрлер – ВҚ деректерді қабылдау)
  4. Толық пайдаланушы нұсқаулығы «ЭШФ АЖ» бөлімі «ЭШФ АЖ» бойынша құжаттар» қойындысы – «Пайдаланушы нұсқаулығы (жүктеу)» gov.kz сайтында орналастырылған.

Сілтеме https://www.kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1.

  1. Техникалық қолдау қызметі esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжай бойынша және +7(7172)72-78-72 телефон линиясы бойынша 24/7 режимде жұмыс істейді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Дата публикации
05 апреля 2023
Дата обновления
05 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы