Меню

Страницы

Статья

ХҚКО қызметкерін үйге қалай шақыруға болады?

Егер адам денсаулығына байланысты қандай да бір мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға бара алмаса, ол немесе оның өкілдері ХҚКО қызметкерлерін үйге шақыра алады.

Бұл сервисті дене функциясының тұрақты бұзылуы бар, тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған адамдар, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар балалар, ҰОС ардагерлері пайдалана алады.

ХҚКО қызметкерін үйге шақыру үшін клиент немесе оның қамқоршысы байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалып, осы қызметті алуға өтінім қалдыруы қажет. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері өтініш берушімен байланысып, барлық қажетті құжаттардың бар-жоғын нақтылайды. Осыдан кейін олар үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақытын белгілейді. Сұрау салуды қабылдағаннан кейін ХҚКО операторлары клиентпен жеті жұмыс күні ішінде байланысуға тиіс.

Ең жиі сұралатын мемлекеттік қызметтердің қатарына Паспорт пен жеке куәлік беру, Мүгедектерді сурдотифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттар дайындау жатады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
24 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы