Меню

Страницы

Статья

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру қағидалары

Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады. 

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру кезеңдерін тез әрі дұрыс өту жолдары келесі нұсқаулықта көрсетіледі:

  1. Ең алдымен, сіз eGov.kz порталы арқылы деректерді тексеруге өтініш беруіңіз керек. Дербес компьютерге қол жеткізе алмайтын автокөлік иелері, еліміздің кез келген ХҚКО-ларында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы өтініш бере алады. ЕДБ қосымшаларында (Kaspi, HomeBank) бұл қызметті алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуы қажет.
  2. Өтінімді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қарайды. Егер сіздің жеке кабинетіңізге өтініштен бас тарту жөнінде хабарлама келген жағдайда, МХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бас тарту себептерін білу үшін тікелей мемлекеттік органға хабарласуыңыз керек. Сіздің өтінішіңіз қабылданған болса, автокөлікті тексеру үшін МХҚО-ға онлайн кезекке тұру қажет. Ол үшін мәртебе парағындакезекке тұрубатырмасын басыпмекенжайлар тізімінде көрсетілген МХҚОның бірін таңдапсоныңда күні мен уақытын белгілеу керекАлдын ала онлайн кезекке тұрмаған жағдайда, азаматтарға қызмет көрсетілмейді.
  3. Заңдастыруға рұқсат алған автокөлікті МХҚО-ның тексеру пунктіне белгіленген уақыттан 20 минут бұрын әкелу керек. Талонды тексеру пунктінде немесе «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
  4. Тексеруді толық өткеннен кейін, сіз автокөлікті тіркеу үшін МХҚО ғимаратына өтуіңіз керек. Одан әрі, сіз қызметкерге автокөлікке меншік құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасын және көліктің шетелдік техникалық паспорттын тапсыруыңыз қажет.
  5. Осыдан кейін алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж - 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін - 9 660 теңге мөлшерінде төлейсіз. Төлемді QR арқылы орталықта төлеуге болады.
  6. Төлем жүргізілгеннен кейін сол күні сізге техникалық паспорт және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары бір реттік акция ретінде ұйымдастырылып жатыр. Айта кетейік, бұл ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдарының оң жақты орналасуына қолданылады. Тіркелетін шетелдік автокөліктерге жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды.

Дата публикации
23 января 2023
Дата обновления
23 января 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Тимирязев ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы