Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3 004 125,6 мың теңге:
салықтық түсімдер – 725 183 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 11 473 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 267 469,6 мың теңге;
2) шығындар – 3 004 758,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 26 345 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 53 082 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 26 737 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 27 005,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 27 005,2 мың теңге:
қарыздар түсімі – 53 082 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 26 737 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 660,2 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкесаудандық бюджет шығыстары қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен және 2024 жылы пайдаланылмаған республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді қайтару көзделсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы А. Асанова