Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы әзірленді.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы 2025 жылғы 17 ақпаннан 4 наурызға дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15448220