Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізудің № 4 ХАТТАМАСЫ

 

Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізудің

№ 4 ХАТТАМАСЫ

 

2024 жылғы 23 желтоқсан

 

         Төрағалық етті:   Тимирязев ауданының әкімі

                                           Жаров Ерлан Қайырұлы

 

         Қатысқандар: Тимирязев ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық         комиссияның мүшелері (тізім бойынша), бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексін сақтау саласындағы Әдеп жөніндегі уәкілдің 2024 жылға жүргізген жұмысы туралы.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызмет көрсету, өтініштерді қарау жөніндегі жұмыс туралы.

 

 

ШЕШТІ:

 

Ұсынылған ақпарат назарға алынсын.

Бірінші мәселе бойынша:

1.1. Әдеп жөніндегі уәкілге:

-        сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауды болдырмау мақсатында аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған мемлекеттік қызметшілермен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізу.

-        қызметтік көлікті пайдалану, ҚР Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

-        әлеуметтік желілерде азаматтарды қабылдау кестесін тоқсан сайын жариялау.

2025 жылғы 17 ақпанға есептілік.

 

 

Екінші мәселе бойынша:

2.1. Экономика және қаржы бөліміне:

-        бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізу.

-        жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде сенім телефоны арқылы жеке қабылдаудан түскен өтініштерді уақтылы және сапалы қарау.

-        ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша құқықтық оқу жүргізу.

2025 жылғы 17 ақпанға есептілік.

 

Мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды адамдары жоғарыда көрсетілген мерзімдерде ұсынымдарды іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы ведомствоаралық комиссияның (аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісінің) жұмыс органын хабардар етсін.

 

 

       Ведомствоаралық комиссия

                     Төрағасы

        

Е. Жаров

       Ведомствоаралық комиссия

                     хатшысы    

Б. Бектасова

 

 

 

                                                                

 

 

                                                              

        

Дата публикации
25 декабря 2024