«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 157 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігі жобасының баспасөз релизі

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 157 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасы әзірленді. Жоба Ақжан ауылдық округінің Приозерное, Докучаев ауылдық округінің Северное ауылдарының таратылуына байланысты әзірленді. «Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 415 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/3 шешімі.

         Жоба 2024 жылғы 21 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15368125).

Дата публикации
21 декабря 2024