«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7149 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Тимирязев аудандық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 декабря 2024