Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының жобасы әзірленген.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының шешім жобасы жайылым алқаптарын пайдалану саласында, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын іске асыруға бағытталған.
Қаулы жобасын әзірлеу барысында сәйкесті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ауыл шаруашылық жануарларды жаю дәстүрі ескеріледі.
Қаулы жобасын әзірлеу мақсаты – жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету мен жайылымдардың тозу процесстерін тоқтату.
Осы жобаның құрамына Тимирязев ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар кіреді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға дейін орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15348919).