Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-7-тармағына сәйкес, «2024-2026 жылдарға арналған Тимирязев ауданының Дмитриев ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» СҚО Тимирязев ауданы мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді. Жоба 2024 жылғы 12 қарашадан бастап 18 қараша аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және әзірлеуші орган бөлімінің сайтында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15288559).