Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізудің
№ 3 ХАТТАМАСЫ
2024 жылғы 14 қазан
Төрағалық етті: Тимирязев ауданы әкімінің м.а.
Рүстем Елікбайұлы Рамазанов
Қатысқандар: Тимирязев ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері (тізім бойынша), бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері.
КҮН ТӘРТІБІ:
ШЕШТІ:
Ұсынылған ақпарат назарға алынсын.
Ұсыну:
Бірінші мәселе бойынша:
1.1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
- Бөлімнің сайтында ақпаратты жаңарту.
- Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету пайызын арттыру.
- Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру бойынша түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу.
2024 жылғы 29 қарашаға есептілік.
Екінші мәселе бойынша:
2.1. Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне:
- Кезекке қою, кезекте тұрғандарға тұрғын үй беру, заңнамаға сәйкес қызметтік тұрғын үйді ресімдеу мәселелерін сәйкестікке келтіру.
- Бос тұрғын үй болған жағдайда, қажеттілігіне қарай тұрғын үй комиссиясының отырыстарын өткізу.
2024 жылғы 29 қарашаға есептілік.
Мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды адамдары жоғарыда көрсетілген мерзімдерде ұсынымдарды іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы ведомствоаралық комиссияның (аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісінің) жұмыс органын хабардар етсін.
|
Ведомствоаралық комиссия Төрағасы
|
Р. Рамазанов |
|
Ведомствоаралық комиссия хатшысы |
Б. Бектасова |