Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізудің
№ 2 ХАТТАМАСЫ
2024 жылғы 9 шілде
Төрағалық етті: Тимирязев ауданының әкімі
Ерлан Қайырұлы Жаров
Қатысқандар: Тимирязев ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері (тізім бойынша), бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері.
КҮН ТӘРТІБІ:
ШЕШТІ:
Ұсынылған ақпарат назарға алынсын.
Ұсыну:
Бірінші мәселе бойынша:
1.1. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру бойынша түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу.
2024 жылғы 1 қыркүйекке есептілік.
1.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген ақшалай қаражатты игеру.
2024 жылғы 1 қыркүйекке есептілік.
1.3. Аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннерлік өнімнің орналастырылуын және жаңартылуын бақылауды жүзеге асыру.
2024 жылғы 1 қыркүйекке есептілік.
Екінші мәселе бойынша:
2.1. Ұжым арасында, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарда профилактикалық құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2024 жылғы 1 қыркүйекке есептілік.
2.2. Заңнаманың белгіленген нормаларынан тыс сағаттар үшін ақы төлеу бойынша бұзушылықтардың жолын кесу мәселесін бақылауға алу.
2024 жылғы 29 шілдеге есептілік.
Үшінші мәселе бойынша:
3.1. Сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының белгіленген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз ету.
2024 жылғы 29 шілдеге есептілік.
Мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды адамдары жоғарыда көрсетілген мерзімдерде ұсынымдарды іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы ведомствоаралық комиссияның (аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісінің) жұмыс органын хабардар етсін.
|
Ведомствоаралық комиссия Төрағасы
|
Е. Жаров |
|
Ведомствоаралық комиссия хатшысы |
Б. Бектасова |