Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізудің
№ 1 ХАТТАМАСЫ
2024 жылғы 2 сәуір
Төрағалық етті: Тимирязев ауданының әкімі
Ерлан Қайырұлы Жаров
Қатысқандар: Тимирязев ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері (тізім бойынша), бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері.
КҮН ТӘРТІБІ:
Қ.С. Иманжанов
А.Қ. Қасенов
ШЕШТІ:
Аудан әкімінің орынбасары Қ.С. Иманжановтың, Жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Қ. Қасеновтың ақпараттары назарға алынсын.
Ұсыну:
Бірінші мәселе бойынша:
1.1. Жұмыстарды жүргізу кестесін орындамайтын мердігерлерге қатысты мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша уақтылы наразылық-талап қою жұмысын жүзеге асыру.
2024 жылғы 12 маусымға, 2024 жылғы 12 желтоқсанға есептілік.
1.2. Жұмыстарды сапалы орындамай, тауар жеткізбей, қызмет көрсетпей мемлекеттік сатып алу бойынша төлем жүргізбеуге тиіс.
2024 жылғы 12 маусымға, 2024 жылғы 12 желтоқсанға есептілік.
Екінші мәселе бойынша:
2.1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде негізсіз бас тартуға жол бермеу.
2024 жылғы 12 маусымға, 2024 жылғы 12 желтоқсанға есептілік.
2.2. Қаралған өтініштер бойынша қайталама өтініштер беруге жол бермеу. Дауларды сотқа дейін реттеуді көздеу.
2024 жылғы 12 маусымға, 2024 жылғы 12 желтоқсанға есептілік.
Мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды адамдары жоғарыда көрсетілген мерзімдерде ұсынымдарды іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы ведомствоаралық комиссияның (аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісінің) жұмыс органын хабардар етсін.
|
Ведомствоаралық комиссия Төрағасы
|
Е. Жаров |
|
Ведомствоаралық комиссия хатшысы |
Б. Бектасова |