Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жоба әзірленді. Бұл жобаның мақсаты ҚТҚ сұрыптау құнын қоспағанда, тарифтің құнын түзету болып табылады.
Жоба 2024 жылғы 17 қазаннан 1 қазанға дейін «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15238476 және аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған. Жоба ұсыныс алу үшін Қоғамдық кеңестің қарауына жіберілді.