«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы» шешімнің жобасы әзірленді. Шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 49 жыл мерзімге су тарату желілеріне қызмет көрсету үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Ленин ауылдық округі, Ленинское ауылының аумағында орналасқан жер учаскесіне жалпы ауданы 1,425 гектар беріледі.
Жоба 2024 жылғы 10 қыркүйектен 24 қыркүйекке дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15197291).