Жоба «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендету.
Жоба 2024 жылғы 4 қыркүйектен 18 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15191419) және аудан әкімінің сайтында. Жоба ұсыныс алу үшін Қоғамдық кеңестің қарауына жіберілді.