Тимирязев ауданы Дзержинский ауылдық округі әкімінің «Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дзержинский ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы» шешімнің жобасы әзірленді. Шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дзержинский ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 49 жыл мерзімге су тарату желілеріне қызмет көрсету үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Дзержинский ауылдық округі, Дзержинское ауылының аумағында орналасқан жер учаскесіне жалпы ауданы 1,3 гектар беріледі.

Жоба 2024 жылғы 12 тамыздан 26 тамызға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15166235).

 

Дата публикации
13 августа 2024