«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (жария сервитут) беру туралы» шешімнің жобасы әзірленді. Шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне су тарату желілеріне қызмет көрсету үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Есіл ауылдық округі, Есіл ауылының аумағында орналасқан жер учаскесіне жалпы ауданы 3,3 гектар беріледі.
Жоба 2024 жылғы 7 тамыздан 21 тамызға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15161972).