Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 157 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 5 шілдедегі № 157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3853 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Аудан әкімі                                                                    Е. Жаров

 

       

Дата публикации
07 августа 2024