Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 15-12/99 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі Докучаев ауылының «Атамекен-Агро-Тимирязево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195628 болып тіркелген) № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Ауылдық округінің әкімі
|
С. Розумов
|