«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімі шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 15-12/68 ұсынуы негізінде әзірленді.
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты-Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі Докучаев ауылының «Атамекен-Агро-Тимирязево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 8 сәуірден бастап 9 сәуірге дейін жария талқылауында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15007631).