«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ Тимирязев аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімінің жобасын әзірледі.
Жоба 2024 жылғы 9 ақпаннан 23 ақпанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14934462) және аудан әкімінің сайтында.