2024-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының  31-бабы                     1-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тимирязев аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

 

Е. Жаров

Дата публикации
29 января 2024