Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 154-п «Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
24 января 2024