«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының           2-тармағына, 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 212 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесі өзгеріс енгізілсін:

Ереженің 9 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы,                  Жеңіс көшесі, 11.».

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әділет органдарында Ережеге енгізілген өзгерісті тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімінің м.а                                                                   Р. Рамазанов

Дата публикации
24 октября 2023