Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 44/7 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының шешімінің жобасына Баспасөз релизі

      

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 44/7 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы әзірленді. Нормативтік құқықтық актінің жобасы 2023 жылғы 20 шілдеден 3 тамызға дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14637572).

Дата публикации
29 сентября 2023