Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 165 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы жобасы жасалды. Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған 2023 жылдың 4 мамырдан 2023 жылдың 22 мамырға дейін және әзірлеуші орган бөлімінің сайтында орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14545227 ). Қоғамдық кеңеске 2023 жылғы 4 мамырда ұсынымдарды талқылау мен тұжырымдама жасау үшін жіберілді.