Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 44/7 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасын әзірледі. Жоба «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1091 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2023 жылғы 3 ақпаннан бастап 17 ақпан аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет- порталында және аудан әкімінің сайтында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14399660).