Тимирязев аудандық
сайлау комиссиясының
2021 жылғы 25 маусымдағы
№ 10 қаулысына қосымша
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 25 маусым (113-1-б. 2, 3-т.) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей (22-б.) |
|
3. Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тимирязев ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-3-б. 1-т.) |
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.) |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2021 жылғы 1 маусымға) |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органы Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады 2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-5-б.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Тимирязев ауданының әкімдігі және Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізден кейін басталады және 2021 жылғы 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тимирязев ауданының әкімдігі және Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Тимирязев ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2021 жылғы 4 шілдеден кешіктірмей (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2021 жылғы 9 шілдеден кешіктірмей (26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2021 жылғы 14 шілдеден кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2021 жылғы 22 шілдеден ерте емес және 2021 жылғы 24 шілдеден кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Тимирязев аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей (113-10-б.) |
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей (44-б.) |
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Тимирязев аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2021 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.