«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

 Тимирязев ауданы әкімдігінің

                                                                                            20___жылғы "      " __________

     № ______қаулысымен

     «БЕКІТІЛДІ»  

                                                                                                  

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы

әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумақта жер қатынастарын реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанын заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалар, бекітілген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттар болады.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің сұрақтары бойынша заңнамада бекітілген тәртіпте бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отдел земельных отношений акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области».

  1. Осы ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда осындай қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі болып табылады.

Орналасқан жері: индексі 151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1. Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері, негізгі мақсаттары, атқаратын қызметі

 

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру мен қызметінің негізі ретінде сақтау. Тимирязев ауданы аумағында жер қатынастары саласында бірыңғай мемелекеттік саясатты жүзеге асыру.

  1. Мақсаттары:

Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғау, жерді ұтымды, тиімді пайдалану және қорғау, топырақ құнарлығын арттыру экономикалық дамуына септігін тигізетін және жер қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту үшін жағдайлар жасау.

  1. Атқаратын қызметі:
  • Иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру (ҚР ЖК 1) т. 3 т., 14-1 б.);
    • Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру (ҚР ЖК 1-1) т. 3 т., 14-1 б.);
  • Жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) жергілікті атқарушы органы ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау (ҚР ЖК 2) т. 3 т. 14-1 б.);

2-1) Жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау (ҚР ЖК 2-1) т. 3 т. 14-1 б.);

  • Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау (ҚР ЖК 3) т. 3 т., 14-1 б.);
  • Жер учаскелерінің бөлінетіндігімен мен бөлінбейтіндігін айқындау (ҚР ЖК 4) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту(ҚР ЖК 5) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту (ҚР ЖК 6) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру (ҚР ЖК 7) т. 3т. 14-1 б.);
  • Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру (ҚР ЖК 8) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру (ҚР ЖК 9) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу (ҚР ЖК 10) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Ауданның жер балансын жасау (ҚР ЖК 11) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Жер учаскелерінің жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу (ҚР ЖК 12) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру (ҚР ЖК 16) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарынберу  (ҚР ЖК 15) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау (ҚР ЖК 18-1) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау (ҚР ЖК 17) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау (ҚР ЖК 18) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау (ҚР ЖК 19) т. 3 т. 14-1 б.);
  • Жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады (ҚР ЖК 20) т. 3 т. 14-1 б.).
  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат сұрау және алу;

тиісті органдарға жер заңнамасын пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;

аталған шешімдерді тиісті органдарда қарағанға дейін (атқарушы биліктің жоғары тұрған органында, сотта) жер учаскелерін алу және беру мәселелері бойынша құқыққа қайшы шешімдерді орындаудың күшін жою немесе тоқтату туралы аудан әкіміне ұсыныстар енгізу.

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің атқарылуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін бөлім басшысы жүзеге асырады.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына аудан әкімімен тағайындалады және лауазымынан аудан әкімімен босатылады.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады;

  2) мемлекеттік мекеме мамандырының міндеттері мен жауапкершілігі деңгейін анықтайды, мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындайды, босатады, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмысшылырды еңбек шарты бойынша жауапқа тартады;

  3) өз құзіреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ұсынады.

  4) әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.

  5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады.

  6) оның құзіретіне жататын басқа сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігін оның жоқ кезінде орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен іске асырылады.

 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылық етеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар ұйымдастырады.

Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жұмысшыларды еңбек шарты бойынша қабылдайды және босатады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штат кестесін аудан әкіміне бекітуге ұсынады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметшілерін іссапарға жібереді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда көрсетеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің регламентін, КММ жұмысшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды, КММ жұмысшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапкершілік тартады.

Лауазымды міндеттерімен қарастырылған басқа да функцияларды іске асырады

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқында оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде (ақшалай кірісті қоса алғанда) сатып алынған және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражаттар есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен билік етуге құқығы жоқ;

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі

 

  1. КММ жұмыс тәртібі «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және таратуу Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
07 июня 2021