1) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Аудандық мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
Әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
Өңірде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттауды қамтамасыз ету;
Азаматтық қоғам институттарымен, аудан қоғамдастығы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның аумағында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен орналасуының мониторингі;
Азаматтардың діни сенімінің еркіндігі құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Азаматтардың діни сенімінің еркіндігі құқықтарын іске асыру, діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан үдерістерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;
Ауданның экономикалық, әлеуметтік - саяси, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық салаларында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, оны іске асыру жөніндегі облыстық, аудандық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша ауданда бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
Театр, музыка, хореографиялық, бейнелеу және басқа да өнер түрлерін, халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздықты дамыту;
Ауданның мәдениет мекемелеріне ұйымдастырушылық, әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
Мәдени-бос уақыт қызметін дамыту;
Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу;
Мәдениет ұйымдарының кадрларын іріктеу, орналастыру, олардың тұрақтауы, қызметкерлердің білімі мен тәжірибесін барынша пайдалануы үшін қажетті жағдайлар жасау;
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерді аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып шешеді;
Мемлекеттік тілді дамыту саласында белгіленген тәртіппен фестивальдер, конкурстар, байқаулар, көрмелер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
Еңбек бойынша тақырыптық және өндірістік жоспарлардың жылдық және ұзақ мерзімді жобаларын және олар бойынша тиісті есептер әзірлеу.
Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ететін халық пен этностардың мәдениетін өзара байытуға жәрдемдесу.
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық келісім, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі актілерінің, әкімдік қаулыларының, облыс және аудан әкімінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеуді, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің жобаларын дайындауды және сараптауды ұйымдастырады;
Аудан әкімдігінің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысады;
Ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;
Аудандағы ірі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық-талдау және ұйымдастыру-техникалық сүйемелдеу;
Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Өңірде Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру бойынша республикалық және өңірлік маңызы бар ақпараттық топтардың (бұдан әрі мәтін бойынша - АҚ) қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
Саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі мәтін бойынша – БАҚ), қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін әдістемелік қолдау және үйлестіру, заңнаманы сақтау тұрғысынан БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу;
Діни қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын Балалар және жастар ұйымдарымен ынтымақтасады, балалар мен жастарға қатысты проблемаларды шешуге қатысады;
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдерді өткізу және жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Мәдениет үйлері мен клубтардың, бос уақыт орталықтарының, кітапханалардың және басқа да мәдениет мекемелерінің қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік көмек көрсетеді;
Республикалық және жергілікті мәдени іс-шараларды қамтамасыз етеді;
Ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, топтастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Мәдениет мекемелерінің желісін сақтау бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, жаңа мәдени-ойын-сауық құрылымдарын құрады;
Ауданда халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді және мұражай ісін жақсартуды қамтамасыз етеді;
Жетекші кәсіби және көркемөнерпаздық мәдени ұжымдарын сақтауға, халық салт-дәстүрлерін зерделеуге және насихаттауға шаралар қабылдайды;
Белгіленген тәртіппен мәдениет саласында фестивальдер, конкурстар, байқаулар, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Жаңа бос уақыт-ойын сауық нысандарының қызметін жетілдіру бойынша жұмысты қамтамасыз етеді;
Жоспарлы-қаржылық жұмысты ұйымдастырады, мәдениет мекемелері желісін дамытудың перспективалық және жылдық жоспарларын жасайды, белгіленген тәртіпте штаттық кестелерді, аудандық бюджетте тұратын клуб мекемелері мен кітапханалардың сметаларын бекітеді, оларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
Мәдениет мекемелерінде алғашқы есепке алуды ұйымдастырады, белгіленген тәртіппен статистикалық есеп алады, жиынтық бухгалтерлік есеп пен балансты құрастырады, оларды тиісті органдарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
Мәдениет мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында үнемі тексерулер жүргізеді, олардың меншігінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады;
Бюджеттік қаржының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді және өз құзыреті шегінде материалдық-техникалық базаны жақсартуға және мәдениет мекемелерінде күрделі жөндеуге және т.б. байланысты мәселелерді шешеді;
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және құзыретті қарауды ұйымдастырады, шағым туғызатын себептерді жоюға шаралар қабылдайды;
Білім беру мекемелерімен және басқа да қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ дербес түрде жастардың мәдени-тәрбиелік өндірістік, білім беру, шығармашылық орталықтарын, шеберханаларын ұйымдастырады, фестивальдер, конкурстар, байқаулар, көрмелер, лотереялар және жастарға арналған басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізеді;
Ауданда бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, ауданның мәдени өмірі саласында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету бөлігінде оны іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша аудандық органдар мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аудандық мекемелерде, ведомстволарда, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілді енгізу бөлігінде іске асырылуы жағдайын зерделейді;
Тіл заңнамасын орындау, мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелерінде басқа мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды;
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тимирязев ауданының аумағында мемлекеттік жастар саясатын одан әрі қарай іске асыру туралы Басқару органына ұсыныстар енгізеді;
Жастар саясаты саласында мемлекеттік тапсырыс тақырыбын қалыптастыруға қатысады;
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі кеңесті өткізу;
Консультациялық қызметтерді (электронды тарату, телефон арқылы консультация жасау, жеке кездесулер және т.б.) көрсету жолымен жастарды тіршілік әрекетінің кез келген салаларындағы құқықтарын іске асыру туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді, жастар мен кәмелетке толмағандардың мүдделері мен артықшылықтарының сақталуын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
Жас азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі (Жасыл ел бағдарламасы бойынша жұмысты ұйымдастыру, жастардың бос жұмыс орны жәрмеңкелерін өткізу, жастар интернет ресурстарында ақпаратты орналастыру);
Жастардың зияткерлік шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектеседі, өзін-өзі іске асыруға жағдай жасайды, дарынды жастарды қолдайды және дамытады;
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру дамыту мақсатында материалдық-техникалық базаны нығайтады;
Жастар ұйымдарының қызмет етулеріне және жаңа жастар қоғамдық ұйымдарын құруға жәрдемдеседі және көмек көрсетеді;
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Аудандық мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны:
Мәдени – шығармашылық қызметтер бойынша облыстық және аудандық бағдарламаларды, халық шығармашылығы, мәдени бос уақыт мекемелерінің қазіргі түрі және жұмыс әдістерін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен әдістемелік құралдарын жасайды және іске асырады.
Қазақ халқы және Қазақстанда өмір сүретін басқа халықтардың рухани мұрасын насихаттайды, ұлттық дәстүрлер, мерекелер мен әдет – ғұрыптарды жаңғырту, халық шығармашылығының дәстүрлі жанрларын басымды дамыту.
Ұлттық мәдениетті өзара байытуға жәрдемдеседі, халық шығармашылығы және мәдени – бос уақыт қызметі саласында ұлтаралық және мәдени байланыстарды дамыту;
Қазақстан Республикаcының мәдени, білім, ғылыми – зерттеу қызметтерін және тарихи – ұлттық мұраларын көпшілікке қамтамасыз етуді жүзеге асырушы ретінде танылған, мұражай экспонаттарын, мұражай коллекцияларын сақтау, зерттеу және бұқараға ұсыну үшін құрылған мұражай бөлмесінің жұмысын ұйымдастырады.
Фестивальдер, смотрлар, байқаулар, шығармашылық зертханалары, көрмелер өткізеді;
Клубтық мекемелерге, көркемөнерпаз ұжымдары мен мәдениет орталықтарына шығармашылық әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, бос уақыт жұмысының және көркемөнерпаздар ұжымының үздік тәжірибесін жалпылайды және зерттейді, оны таратады және тәжірибеге енгізеді;
Аудан халқының көркем шығармашығының даму жағдайы мен үдерісіне және бос уақытының ұйымдастыруына талдау жасайды, олардың негізінде сәйкес ұсыныстар әзірлейді, олардың енгізілуіне қолдау жасайды;
Клуб қызметкерлері, кадрына, көркемөнерпаздық, клуб бірлестіктерінің жетекшілеріне ғылыми практикалық конференциялар, курстар, семинарлар, практикумдар, тәлімгерлік, байқаулар және мәдени – бос уақыт мекемелері қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері смотрлары арқылы біліктілік жоғарылатуды ұйымдастырады.
Клуб қызметкерлеріне, көркемөнерпаздар және клуб бірлестіктері басшыларына ұйымдастыру - әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады, репертуар жинақтарын, клуб іс-шараларының сценарийлерін, ақпараттық және анықтама материалдарын зерделейді;
Көркемөнерпаз авторлар, ақындармен жұмыс істейді, сазгерлердің, ақындардың, суретшілердің және т.б. әуесқой бірлестіктерін құрады, олардың шығармашылығын бұқараға танымалдандырады;
Қазақ мәдениетін және аудан аумағында тұратын халықтардың ұлттық мәдениетін дамытуға көмек көрсетеді, фольклорлерді зерттеп, оны халыққа танымалдандыруға жәрдемдеседі;
Олардың қызметтері туралы белгіленген тәртіпте статистикалық және ақпараттық мәліметтер жинайды және талдау жасайды;
Фестивальдер, көркемөнерпаздық смотрлар, көрмелер, онкүндіктер, Мәдениет күндері, сахналанған мерекелер, ойын – сауық, шығармашылық ұжымға қызмет көрсету және шығармашылық шаралардың басқа түрлерін, «Кәсіпорынмен» атқарылатын жұмыс мен қызмет көрсету бойынша әлеуметтік – шығармашылық тапсырыстар бойынша жұмыс істейді және тапсырыс берушінің қаражатынан қаржыланады;
Қазақстанның өзіндік және ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік материалдарды шығарады: сценарийлер, ақпараттық, музыкалық, көрнекті, оқу-әдістемелік бейнефильмдер мен бағдарламаларды, музыкалық фонограммаларды, бейне-дыбыс жазбаларын жасайды;
Экскурсиялық қызмет көрсетеді;
Ақылы қызмет көрсетеді (жастардың би кештерін, демалыс кештерін, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, гастрольдік шығуларды өткізу, неке қиюды тіркеуді музыкалық сүйемелдеу, сахналық костюмдерді жалға беру).
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Отандық және шетелдік кітапханалармен, ғылыми мекемелермен, баспалармен және басқа да ұйымдармен және жеке тұлғалармен жазылу, сатып алу, кітап алмасу, сыйға алу жолымен және қолданыстағы заңнамада тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен толықтыру бейіні бойынша өзінің қорын қалыптастырады;
Технологияларды жетілдіру, кітапханалық-библиографиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын қолдану арқылы пайдаланушылар мен қызметкерлердің жұмысы үшін оңтайлы жағдай жасайды, осы бағытта ғылыми-практикалық әзірлемелерді жүргізеді, олардың нәтижелерін жұмыс тәжірибесіне енгізеді, консультациялар көрсетеді, автоматтандырылған кітапханалық және ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы құралдарын меңгеру бойынша семинарлар, практикумдар өткізеді;
Пайдалану ережесіне сәйкес кітапхана пайдаланушыларына (азаматтарға, ұйымдар мен мекемелерге) тегін қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
Заңды және жеке тұлғаларға, оның ішінде ақылы негізде негізгі қызметіне жатпайтын қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:
Қорларды ғылыми өңдеуді жүзеге асырады және оларды каталогтар, картотекалар, деректер базасы мен банктері, библиографиялық басылымдар жүйесінің көмегімен ашады, баспа және электронды жиынтық каталогтар құрастыруға қатысады;
ҚР және шет елдердің басқа кітапханаларымен өз қызметін үйлестіреді;
Түрлі сабақтар мен іс-шаралар өткізу арқылы кітапхана пайдаланушыларына ғылым мен мәдениеттің, Бизнестің, туризмнің түрлі салалары бойынша білімді кеңейту және байыту бойынша көмек көрсетеді;
Дербес және басқа мекемелермен және ұйымдармен кооперацияда кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру және механикаландыру мәселелерімен айналысады;
Дербес және басқа мекемелермен және ұйымдармен кооперацияда библиографиялық көрсеткіштер, ақпараттық-анықтамалық басылымдар дайындайды;
Оқу және ақпарат саласында әлеуметтік және маркетингтік зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді, зерттеу нәтижелерін жұмыс тәжірибесіне енгізеді;
Кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру бойынша конференциялар, семинарлар, практикумдар, кеңестер өткізеді.
Дербес және басқа мекемелермен және ұйымдармен кооперацияда кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру және механикаландыру мәселелерімен айналысады;
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысады; Өзінің материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелер жасауына тыйым салынады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдау, бұйрықтар шығару;
Ішкі саясат саласындағы нормаларды, ережелер мен әдістемелік құжаттарды қолдану мәселелері бойынша түсініктеме беру;
Өз функцияларын орындау үшін заңмен белгіленген тәртіпте коммуналдық мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар сұрауға және алуға, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін мекеме құзіретіне жататын мәселелер дайынадауға қатысуға тарту;
Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болуға және жүзеге асыру, сотта талапкер және жауап беруші болу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы занңамаларына сәйкес заңды және жеке тұлғаларымен басқа да заңды актілер жасау;
Мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, мекеменің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдар дайындауды жүзеге асыру;
Ақпараттық саясат және басқада жүргізуге мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру бойынша жергілікті бағдарламаларды қаржыландыру туралы ұсыныстар енгізу;
Мекеменің құзіретіне кіретіне ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мәселелермен, адамның құқықтары мен еркіндігін сақтау және басқа да мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру - әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.
Заңнамамен белгіленген жағдайлар мен тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатты іске асыруға азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүзеге асыру.
Осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленетін, оның құзыретіне сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәселелерін өзі және дара басшылық принципінде шешеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз жұмыс істейді, барлық органдарда, азаматтар және заңды тұлғалар алдында мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлігіне иелік етеді, банктік есепшоттар ашады, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, қызметшілерге міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
Өз құзыретінің шегінде және еңбек заңнамасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза белгілейді;
Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін және өкілеттіктері шеңберін анықтайды;
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтауы үшін дербес жауап береді;
Ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерінің және тең құқықтарының мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін орындауды, заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асыра алады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінінің қарамағындағы ұйымдар тізілімі
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты мекемелер:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Аудандық мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.