«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Солтүстік Қазақстан облысы

Тимирязев ауданы әкімдігінің

2016 жылғы «___» __________

№ ____ қаулысымен

бекітілді

 

 

 

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 

дене шынықтыру және спорт бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

Тимирязев ауылы

                                                             2016 жыл                

 

  1. Жалпы ережелер

 

           1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандық бюджет есебінен ұсталатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған   уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 151100 Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 1.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Отдел физической культуры и спорта акимата Тимирязевского района                          Северо-Казахстанской области».

  1. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру  аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 

дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:

 дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындарға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес жағдай жасау.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес  дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекет саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдар жұмысын, сонымен қатар «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің  дене шынықтыру және  спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс әкімінің, аудан әкімінің қаулылары, шешімдері және өкімдерін іске асыру бойынша  жұмысты үйлестіру;

2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау;

3) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласы бойынша аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

         4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстар жүргізу;

5) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес аудандық спорттық шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу және орындау, аудан аумағында  көпшілік спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау, саламатты өмір салты принциптерін насихаттауды жүзеге асыру;

6) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес аудандық деңгейде спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу, аудандық құрама командалардың әр түрлі спорт түрлері бойынша дайындығы мен олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі                          «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес ауданның спорттық ұйымдарының қызметін үйлестіру;

8) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі                          «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес аудандағы дене шынықтыру және спорттың дамуын талдау және уәкілетті органға мәліметтер беру; 

9) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі                            «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес екінші және үшінші, жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші және үшінші, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру мақсатына қайшы келетін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.   

  1. Құқықтары мен міндеттері:

мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ісіне жататын мәселелер бойынша қызметтік жазба жүргізу;   

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы                            12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес ауданның атқарушы органдарынан «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті құжаттар, ақпарат сұрау және алу.

 

3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 

дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
  3. Басшының өкілеттері:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарушы органдарда және ұйымдарда «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

         2) мүліктің тиімді пайдаланылуына және сақталуына бақылау жасайды;

         3) өз құзыреті шегінде бөлім қызметкерлеріне орындауға міндетті болатын бұйрықтар шығарады;

         4) қол астындағы ұйымдардың құрылымын, штаттық санын, лауазымдық айлықақылар, сыйақылар мен үстемеақылар көлемін бекітеді. Бекітілген саны және еңбекті төлеу қорының шегінде бөлімнің қаржыландыру жоспарын бекітеді. Міндеттемелер, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен көзделген өзге де қаржылық құжаттарды бекітеді;  

         5) заңдарға және басқа нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

6) жергілікті бюджетті бекіткенде (нақтылағанда) аудан мәслихатының сессиясы жұмысына  қатысады;

7) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік беру туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;

8) сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданады, коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауап береді; 

9) азаматтардың өтініштерін қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады; мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде басшының өкілетін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның міндетін атқара алатын тұлға жүзеге асырады.

 

4. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 

дене шынықтыру және  спорт бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

         «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және  спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Құрылтайшы және уәкілетті орган туралы мәліметтер

 

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару бойынша құрылтайшы және уәкілетті органы болып табылады.

 

6. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің

дене шынықтыру және спорт бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы болмауы тиіс. 

 

7. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 

дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

        

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің

дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі

 

 Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тимирязев ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
07 июня 2021