Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «14» желтоқсандағы
№ 257 қаулысымен
бекітілді
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
Тимирязев селосы
2016 жыл
село Тимирязево
2016 год
мемлекеттік тілде «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области».
Заңды актілермен ұсынылған, табыс түсіретін қызметті жүзеге асыру кезінде қызметтен түскен табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
индексі 151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 1.
Құрылтайшы «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекітеді, өзгерістер және толықтырулар енгізеді, жою және қайта құру туралы шешім қабылдайды.
әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін дамыту және бәсекеге қабілетті сапалы деңгейге және тұрақты экономикаға қол жеткізетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады;
бюджеттің орындалу сапасын жоғарылату, мемлекеттік мекемелермен бюджеттік қаражаттардың мақсаттылығы және адрестілігі принциптерін қадағалау, мемлекеттік активтерді тиімді басқару, тиімді және мақсатты қамсыздандыру жолымен аудандық коммуналдық меншік нысандарын басқару жүйесін жетілдіру, гендерлік теңдікті күшейту болып табылады.
аудандық бюджеттің түсімдер және шығындарының орындалу мониторингі;
бюджеттік кредиттерді тиімді игеру талдауы, оларды уақытылы және толық төлеу;
аудан бюджетінің орындалуы бойынша сенімді есептілікті қамтамасыз ету, дебиторлық-кредиторлық берешектер туралы, мемлекеттік мекемелердің демеушілік, қайырымдылық көмектері, ақылы қызметтері, аудан бюджетінің орындалуының транспоренттілік принципінің қадағалануы;
мемлекеттік қатысумен заңды тұлғалар, сонымен қатар жарғылық капиталда мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар тізімдері ақпараттық базаға енгізілген, қаржылық ақпарат көрсеткішін жоғарылату және стратегиялық маңыздағы үнемдеу саласында әрекет ететін заңды тұлғалар және мемлекеттік кәсіпорындар қызметтерінің мүлтіксіздігін жоғарылату;
аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүліктерді оңтайлау;
аудандық коммуналдық меншік нысандары санының мақсатсыз және тиімсіз пайдаланылуын төмендетуді қамтамасыз ету;
ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру, аудан бюджетін қалыптастыру, жоспарлау кезеңге аудандық бюджетті бекіту, анықтау және түзету, әдістемелік басшылық ету және аса маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру мен әзірлеуге қатысу, сондай-ақ ішкі экономикалық байланыстарды реттеу саласында атқарушы органдар қызметін үйлестіру;
гендерлік теңдікті қамтамасыз ету;
селолық аймақты дамыту мониторингін ұйымдастур және өткізу, селолық аймақтарды дамыту жөніндегі жергілікті орындаушы органдардың жұмыстарын жүйелеу;
селолық жергілікті жерде тұратын және жұмысқа келген, әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау көрсету бойынша аймақта бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жүйелеу.
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамсыздандыратын стратегиялық функциялар:
заңнаманы қолдану практикасын талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, өз өкілеттілігінде әкім және аудан әкімдігіне нормативтік құқықтық актілері және нормативтік жобаларды әзірлеу және дайындау (немесе қабылдау);
өз өкілеттітілігі ішінде мемлекеттік салалық (секторлық) бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызмет туралы заңнама ережелеріне сәйкес кадрларды таңдау және қоюды қамтамасыз ету.
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету функциялары:
аудан бюджетінің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қызметтерін үйлестіру;
аудан бюджеті түсімдерін болжауға қатысу;
аудан бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу;
міндеттемелер бойынша қаржыландыру жинақ жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру және түсімдер жинақ жоспарларына өзгерістер енгізу, құру және бекіту;
бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақытылы төленбеуін, міндеттемелердің уақытылы қабылданбау және жатып қалу себептерін, жергілікті бюджет түсімдері және шығындарының орындалуын болжауды құру, сонымен қатар бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік бағдарламаларында анықталған нәтижелер көрсеткіштері бойынша мәліметтер бойынша жиі және жүйелік жинақтарды қамтамасыз ету;
аудан бюджеті бойынша мемлекеттік мекемелердің барлық жеке қаржыландыру жоспарларының шығындар қорытынды сомаларының міндеттемелер бойынша қаржыландыру жинақ жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру және түсімдер жинақ жоспарларына сәйкестігін қамтамасыз ету, сонымен қатар аймақтық қазынашылық бөлімшелеріне уақытылы ұсыну;
бюджеттік бағдарлама әкімгерлерімен ұсынылған мемлекеттік мекемелер бойынша олардың өкімдерінде қалдырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан мемлекеттік мекемелерге қабылданған ақша шығындары және түсімдер жинақ жоспарларын келісу;
Бюджеттік кодекспен анықталған жағдайларда бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына, аудандық бюджет түсімдері жинақ жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жинақ жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландыру және түсімдер жинақ жоспарларына, сонымен қатар жергілікті бюджет шығындары және түсімдеріне айсайынғы түзетулер талап ету факторлары пайда болса, бюджеттік бағдарламалармен анықталған өзгерістер және толықтырулар енгізу;
мемлекеттік саясатты бюджеттік орындалу, бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржылық және бюджеттік есептелім, алып тасталым, жинақтау зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есепке аудару және ұстау, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік есептелімдерді төлеу және аудару, азаматтық-мәмілелерді тіркеу, мемлекеттік сатып алуларды өткізу салаларында іске асыру;
Қазақстан Республикасы Үкіметімен уәкілеттендірілген ішкі бақылау бойынша органға және мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға, аудан әкімдігіне есептік қаржылық жылға аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп құру және ұсыну;
бюджеттің орындалуы бойынша уәкілеттендірілген органдарға жергілікті бюджет бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша шығындары және түсімдері туралы, тауарларды (жұмыстар және қызметтерді) сатудан түскен ақшалай шығындар және түсімдер жоспарларының орындалуы туралы есептер құру және ұсыну;
бюджеттің орындалуы бойынша уәкілетті органдарға жергілікті бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер құру және ұсыну;
ай сайын әр айдың бірінші күні жағдайы бойынша, келесісі есептік және жыл қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуы бойынша уәкілеттендірілген органдарға аудан бюджетінің орындалуы туралы есеп құру және ұсыну;
есептік айдан кейінгі айдың бірінші күні жағдайына айсайын аудан әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттендірілген ішкі бақылау жөніндегі органға аудан бюджетінің орындалуы туралы есепті құру және ұсыну;
бюджеттік қаражаттар ақылы қызметтердің қолма қол ақшаларының бақылаулы шоттары, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру бойынша қаржыландыру жоспарын орындау бойынша аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің тоқсандық және жылдық есептерін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;
бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің қолдаухаттарын және демеушілік, қайырымдылық көмек, қолма қол ақшаларының бақылаулы шоттарын, ақшаны уақытша орналастыру ашу үшін бекітілген нысан бойынша рұқсат беруді қарастыру;
бірыңғай бюджеттік топтауға сәйкес жергілікті бюджетке түсімдердің әкімгерлендірілетін кодтар бойынша түсімдердің артық (жаңылыс) төленген сомасын есептеу және (немесе) бюджеттен қайтаруды қамтамасыз ету;
республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған), соның ішінде бюджеттік заңнамамен бекітілген тәртіпте нысаналы мақсат бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомасын қайтару;
жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарына резервте қарастырылған қаражаттар шегіне ақша бөлу немесе бөлмеу мүмкіндігі туралы ұсынылған қолдаухаттар негізінде қорытынды дайындау;
бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің орындалуы туралы талдау есептерін құру;
республикалық бюджеттен сәйкес қаржы жылына бөлінген нысаналы ағымды трансферттер, даму мен кредиттерге арналған нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп құру;
ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары бойынша жалақының аударылған және болжамды қоры бойынша ай сайынғы жинақ ақпаратты құру;
бөлімнің бюджеттік бағдарламасын әзірлеу және оларды аудан әкімдігіне бекітуге енгізу, бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер және толықтырулар енгізу;
бюджеттік ақшаны басқаруды іске асыру;
ауданда өткізілетін мемлекеттік сатып алулар туралы есеп құру;
ауданда мемлекеттік сатып алуларды өткізу сұрақтары бойынша мониторингті жүзеге асыру;
аудан аумағында Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті басқару, иелену, пайдалану және иемдену бойынша уәкілеттігін іске асыру, оны қорғау бойынша шараларды іске асыру;
мемлекеттік аудандық коммуналдық мүлікті мақсатты және тиімді пайдалануды бақылау және сақтауды жүзеге асыру;
аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың, коммуналдық мүліктің аудандық деңгейіне, коммуналдық мүліктің облыстық деңгейіндегі аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктеріне жататын акционерлік қоғам акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының қатысу үлесінің мүліктік кешендерін тапсыруды қамтамасыз ету;
облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың, коммуналдық мүліктің облыстық деңгейіне, коммуналдық мүліктің облыстық деңгейіндегі аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктеріне жататын акционерлік қоғам акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының қатысу үлесінің мүліктік кешендерін қабылдауды қамтамасыз ету;
аудандық коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік ұйымдардың теңгерімінен теңгерімге мүлікті тапсыруды іске асыру, негізгі қаражаттарды олардың теңгерімі тізімінен шығару бойынша жұмысты жүргізу, мемлекеттік аудандық коммуналдық меншік нысандарына меншік құқығын растауды іске асыру;
аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға беру), өтеусіз пайдалануға (ссуда) ұсыну;
аудандық коммуналдық мүлікті шағын кәсіпкерлік субъектілері меншігіне мүліктік жалдауға (жалға беруге), сенімгерлік басқаруға келесі өтеусіз тапсыру құқығында ұсыну;
аудандық коммуналдық мүлікті тендер талаптарында мүліктік жалдауға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға келесі сатып алу құқығында ұсыну;
жеке және заңды тұлғалармен аудандық коммуналдық меншік нысандарын сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарын жасасу және ресімдеу, өз өкілеттілігінде басқа шарттар, оларға өзгерістер және толықтырулар енгізу, сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға беру) шарт талаптарының орындалуын, жалдау құны мөлшерін есептеуді бақылау;
ауданның заңды тұлғаларына аудандық коммуналдық мүлікті бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
мүліктерді қабылдап алу-тапсыру актілерін бекіту;
мемлекетпен бақыланатын акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, аудандық мемлекттік мекемелер және кәсіпорындар мүліктеріне түгендеу жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және мемлекеттік үлес қатысымымен шаруашылық серіктестігі тізілімін енгізу, осы ұйымдарда түгендеу және мүлік есебін жүргізу;
аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сатулар өткізу туралы хабарлама жариялау үшін келесі баспахана басылымдарын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес конкурс өткізу;
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес конкурс ұйымдастыру және жүргізу, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңымен белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікті бағалау бойынша конкурс жеңімпаздарымен шарт жасау;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығымен, сонымен қатар, коммуналдық меншікке Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте өтеусіз ауысқан заттай саналмайтын, мәдени құндылықтарға жататын салым бөлігі, өліара мүлік, табылған зат, қараусыз жануарларды есепке алуды, сақтауды, бағалау мен одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
аудандық коммуналдық мүлік нысандары тізіліміне енгізілген аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру үшін, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу бойынша жүргізілетін облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу;
сауда жүргізу бойынша, аудандық коммуналдық мұлікті мүліктік жалдауға немесе тендор талаптарында сенімді басқаруға ведомствааралық комиссия құру;
аудандық коммуналдық меншік нысандарын сату алдында дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу, жекешелендіру нысандарын жеке сатулар бойынша бөлу, сонымен қатар оларды жүргізу мерзімдерін белгілеу, әрбір жекешелендіру нысаны бойынша сату формаларын анықтау, жекешелендіру нысандарының бастапқы, старттық және минималды бағаларын анықтау және бекіту кепілдемелік жарналарды қабылдау және қайтару;
аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді, сонымен қатар жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалдарды тартуды іске асыру, жекешелендіру нысанын бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру нысандарының сатып алу-сату шартын дайындау және жасауды қамтамасыз ету және сатып алу-сату шартының талаптарының қадағалануын бақылауды қамтамасыз ету;
сауда жүргізу рәсімдерімен байланысты саудаға қатысушылар, сатып алушылар және ұйымдастырушылармен есеп айырысуды қамтамасыз ету;
аудандық бюджет табысына аудандық коммуналдық мүлікті сату, мүліктік жалға беру (жалдау) түскен ақшалай қаражаттардың, сенімгерлік басқару, қарызды өндіріп алу бойынша шаралар қабылдаудан түскен кірістердің толықтығы мен уақыттылығын бақылауды жүзеге асыру;
аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын қазыналық кәсіпорындардың смета үстінен түскен табыстарының таза кіріс бөлігінің уақытылы, толық аударылуы мен қайта аударылуына бақылауды жүзеге асыру;
аудандық бюджет табысына акционерлік қоғамдармен (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен) аудандық коммуналдық меншікке жататын акцияларға (қатысу үлесіне таза табыс бөлігі) аудару және қайта аударудың уақытылы және толықтығын бақылауды жүзеге асыру;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметтерінің тоқсансайынғы мониторингін іске асыру;
акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекетпен бақыланатын ауданның жергілікті атқарушы органдарымен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды қамтамасыз ету;
аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану және сақтау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, жекешелендіру бақылау тұрағын іске асыру;
мемлекеттік акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен бақыланатын аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың мүліктерін түгендеуді жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету;
үш жылға бюджеттік параметрлер болжамын енгізіп, бес жылдық кезеңге ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасау;
бес жылдық кезеңге ауданның даму бағдарламасын жетілдіру және оның мониторингін жүргізу;
ауданның әлеуметтік – экономикалық дамыту талдауы;
ауданның әлеуметтік – экономикалық дамыту болжамы негізінде жергілікті бюджеттің түсімдер көлемін болжау;
бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері бойынша шығындар көлемін болжау;
жергілікті атқарушы орган қарастыру үшін ауданның бюджет жобасын дайындау;
жоспарланған кезеңге аудан бюджетін бекіту және нақтылау бойынша шешім жобаларын қарауды жетілдіру және аудандық мәслихатқа ұсыну;
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы тәртібінде бекітілген жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланған кезеңге аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімдерін іске асыру туралы аудандық әкімдіктің қаулы жобасын жасау;
бюджеттік және өзге заңнамалар және қаржылық қамсыздандыруға сәйкестендіруге бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік сұраныстары бойынша тұжырымдамаларды жетілдіру және дайындау;
бастапқылық жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;
бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингін жүргізу;
Президент әкімшілігі, премьер министрі кеңсесі, орталық атқарушы органдардың, әкімнің және облыстық және аудандық әкімдіктердің тапсырмаларын, тапсырыстарын орындау;
Селолық елдімекендердің әлеуеттік көлемін анықтау бойынша селолық елдімекендерді әлеуметтік-экономикалық мониторингін ұйымдастыру, бақылау және талдау;
өз құзыретінің шегінде, селолық елдімекендерге тұруға және денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария саласына жұмыс үшін келгендерге, шараларды жүзеге асыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру;
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің критериялары бойынша селолық елдімекендердің классификациясын бақылау мен ауыл тұрғындарының өмірін қамтамасыз етуге сәйкес бағалауға қатысу;
селолық аймақты дамыту сұрақтары бойынша методологиялық көмек көрсету және аудандық ұйым қызметін жүйелеу;
Қазақстан Республикасында әрекет ететін заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар және жеке тұлғалардан Бөлімге жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажет ақпаратты сұрау және алу;
әкімге ауданды дамыту стратегияларын және бастамаларды, мақсаттар бойынша ұсыныс енгізуге;
салық органдарынан аудан әкімімен белгіленген мерзімде форма бойынша бюджет алдындағы, түскен салық сомалары және басқа міндеттемелер, барлық заңды тұлғалардан бюджеттің орындалуын ұйымдастыру, сондай-ақ оған жүктелген өзге функцияларды орындау үшін қажет бухгалтерлік теңгерім және өзге материалдар құрамы және салық салу нысандары, статистикалық және басқа мағлұматтар есептерін алу;
акционерлік қоғамдағы мемлекеттік үлеспен, сондай-ақ заңнамалық актілермен және аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген жағдайларда коммуналдық меншіктегі басқа мүліктерді пайдалану;
бюджеттік қаражаттардың келуін және бюджеттік заңнамамен қарастырылған жағдайларда қаржыландыруды тоқтатуды қамтамасыз ету,
аудандық бюджеттің орындалуы туралы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасының талаптарының бұзылу себептеріне баға беру, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалармен (кіші бағдарламалар) бекітілген экономикалық тиімділік және мақсаттылықты бағалау;
мекеме құқықтарын және мүддесін қорғау үшін сот органдарының барлық инстанцияларына жүгіну, мекеменің қызметі сұрағы бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мекемені ұсыну, аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және өкімдеу;
аудандық коммуналдық меншікте тұрған жекешелендірілетін нысандарды сату алдында дайындауға қаржыландыру шығындары үшін өз қызыретінде қаражаттарды пайдалану, аукциондар, тендерлер ұйымдастыру және өткізу, жекешелендірушілік тұрағын жүргізу, жергілікті бюджетпен қарастырылған қаражаттар есебінен келісімшарт негізінде заңды және жеке тұлғалардан сарапшылар және кеңесшілер тарту;
шарт талаптарының бұзылуына, сонымен қатар аудандық коммуналдық меншік нысандаарын мүліктік жалдауға (жалға алу) ақының енгізілмеуі немесе уақытылы енгізілмеуіне өсімақы және айыппұл салу.
мекеме құзыретінде сұрақтар бойынша бұйрықтар сондай-ақ негізгі қызмет бойынша және жеке құрам және т.б. бойынша шығару.
бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын және өз функцияларының іске асырылуына дербес жауапкершілік тартады.
Осы мақсаттарда заңнамаға сәйкес басшы:
1) бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) бөлім қызметкерлеріне сыйақы төлеу және тәртіптік жаза қолдану сұрақтарын шешеді;
3) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ бөлім қызметкерлеріне орындау үшін міндетті тапсырмалар береді;
4) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда бөлімді ұсынады;
5) бөлімнің құрылымы бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) заңнамаға сәйкес өзге өкілеттіліктерді іске асырады;
7) бөлім қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнамасының қадағалануына дербес жауапкершілік тартады;
8) ерлер және әйелдердің құқықтарының және мүмкіндіктерінің бірдей мемлекеттік кепілденуін қадағалауды қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзі жоқ болған кезде бөлімнің басшысының өкілеттіліктерін оны ауыстырушы тұлға іске асырады.
Бөлімнің мүлкі жеке қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік есебінен (ақшалай табыстарды қоса) және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа дереккөздерден қалыптасады.
қарым-қатынас
Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы Т. Береская