«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы
Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 20 желтоқсанындағы
№ 263 қаулысымен
бекітілді
мемлекеттік тілінде: «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Есильского сельского округа Тимирязевского района Северо-Казахстанской области».
Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметпен айналасуға құқық берілсе, онда сол қызметтен түскен табыстар мемлекеттік бюджет пайдасына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 38 бабының 1 тармағына сәйкес әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
коммерциялық емес басқару функцияларын жүзеге асыру;
ауылдық округі әкімінің қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
іс жүргізу және ауылдық округі әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;
ауылдық округі әкімінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету.
15.Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 38 бабының 1 тармағына сәйкес ауылдық округі әкімінің қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) 2015 жылғы 23 қарашасындағы Еңбек кодексінің талаптарына, 2015 жылғы 23 қарашасындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және өзге нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес кадрлық жұмысты жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 5) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулыларының, жоғары тұрған өкілдік және атқару органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің қаулыларының, шешімдерінің және өкімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуіріндегі Заңының, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашасындағы Заңының талаптарына сәйкес ауылдық округ әкімінің нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтарындағы Заңының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 2) тармақшасының негізінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын тіркеу және қарау;
6) 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 4-1) тармақшасы негізінде мемлекеттік мекеме әкімгер болып табылатын, бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;
7) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 9) тармақшасы негізінде әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге және әскери қызметке щақыруға жататын әскери міндетті тұлғаларды алғашқы есепке алуын жүргізу, ауылдық округі әкімінің құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдесіндегі Заңының 35 бабының 1 тармағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 10-1) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариаттық iс-қимылдарды жасау;
9) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 12) тармақшасы негізінде аз қамсыздалған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстарды жоғарғы органдарға енгізу, үйде жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 16) тармақшасы негізінде шаруашылық есепті жүргізу;
11) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 18) тармақшасы негізінде ауылдық округтің аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету;
12) Ауылдық округтің аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық жануарларды бірдейлендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ ауылдық округі әкімінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдесіндегі Заңының 10-1 бабы негізінде ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларды өткізу;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызмет тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
14) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 1 тармағының 22) тармақшасына сәйкес кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 39-3 бабына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастықтың жиыны және жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізіледі.
аудандағы қоғамдық-саясаттық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жүйелік талдау негізінде, аудан әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
Қоғамдық пікірді зерттеу, тұрғындардың әр-түрлі әлеуметтік топтары арасында бүкіл елде және ауданда өткізіліп жатқан мемлекттік саясат бойынша ақпараттық жұмысты ұйымдастыру, мәліметтерді жинау және жалпылау, басқару шешімдерін қабылдау үшін ұсыныстарды, қорытындыларды әзірлеу;
аудан әкімідігінің, кеңес-жиналыс органдарының, штабтардың, комиссиялардың, кеңестердің, жиналыстардың, кездесулердің және өзге іс-шаралардың регламентіне сәйкес өткізілетін аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;
әкімнің және әкімдіктің қызметін БҰҚ-да жарықтандыруды қамтамасыз ету;
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдардың жұмысын қадағалау, зерттеу және талдау, әкімге олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныс жасау;
облыс әкімдігімен, облыстық және аудандық атқару органдармен және өзге мемлекеттік органдармен өзара қатынасты жүзеге асыру;
аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың өзара қатынасын қамтамасыз ету;
әкімдіктің және аудан әкімінің актілерін орындауын бақылау;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, Құрметті грамоталарымен, облыс және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттауға ұсыну үшін тиісті құжаттарды дайындау, марапаттау құжаттарын рәсімдеу, марапатталғандар туралы деректеме базасын қалыптастыру;
қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күресу, құқықтық тәртіпті және заңдылықты сақтау мәселесі бойынша жергілікті атқару органдарының құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдарымен өзара қатынасын қамтамасыз ету;
еңбек пен демалыс үшін тиісті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасау;
нормативтік талаптарға сәйкес қызмет бөлмелерді, отырыс залдарды техникалық жабдықтау;
мемлекеттік және қызметтік құпияларды, құпиялы іс-жүргізуді сақтау үшін жағдай жасау;
аудан әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысуды жүргізу;
аудан әкімідігінің және аудандық мәслихаттың, өзге мемлекеттік органдардың отырыстарына қатысу.
қызметін ұйымдастыру
1) коммуналдық мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда өкілдік етеді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды және міндеттерді атқару үшін дербес жауапты;
3) коммуналдық мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
4) коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін басқарады және үйлестіреді;
5) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне жатпайтын жұмысшыларын тағайындайды, қызметтен босатады, тәртіптік жауапкершілікке тартады.
6) коммуналдық мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
7) коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерімен орындауға міндетті шешімдерді, өкімдерді және тапсырмаларды шығарады;
8) қабылданған аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан, ауылдық округ әкімінің шешімдерін және өкімдерін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді;
9) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің кадрлық жұмысын бақылайды;
10) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
11) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын іссапарға жібереді, олардың оқуын ұйымдастырады;
12) нормативтік-құқықтық актілерді, бағдарламаларды және өзге құжаттарды әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
13) коммуналдық мемлекеттік мекеменің ақша қаражаттарын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды;
14) ер және әйел адамдардың тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы заңнаманың орындалуын сақтауды қаматамасыз етеді;
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қолданады, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауына дербес жауапты;
16) мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
17) заңнамаға сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімінің болмаған кезеңінде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген түсімдер қаражаты есебінен, оған құрылтайшы берген мүлiк есебiнен, негізгі қордан және айналым қаражаттан, сондай-ақ өзге мүліктен қалыптастырылады, олардың құны «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде көрсетіледі.
өзара қатынас
Құрылтайшының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, индексі 151100, Тимирязев ауданы, Тимирязево ауылы, Уәлиханов, 1 көшесі.
Құрылтайшы Ережені бекітеді, өзгертулер мен толықтыруларды енгізеді, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімді қабылдайды.