
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім қызметінің негізгі мақсаттары: аудан тұтынушыларын тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру, халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады.
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, қала мен ауылдарды жобалау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларының, ауданның ауылдық аумақтарын дамыту бағдарламасының, мемлекеттік және Өңірлік даму бағдарламаларының орындалуын ескере отырып жүргізіледі.