Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі 

2023 жылғы 28 желтоқсандағы Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді:
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
3)Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
4) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;
5)жер учаскесін алуға кезекке қою.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Халыққа қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпараты бар стенд (өтініш үлгілері, тізілім, мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары) орналастырылды. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің ресми Интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі бар, онда ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі мен қағидалары орналастырылған.
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ ғимаратында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар. Компьютері, картриджі, цифрлық қоғамдық қол жеткізу пункті (АСТ) орнатылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы азаматтарға электрондық қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік береді. Мұнда әрбір тілек білдіруші Мемлекеттік қызметтерді алып қана қоймай, e-Gov порталы арқылы қызметтерді алуға үйрене алады.
Бүгінде республикада мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес, сонымен қатар face-ID тұлғасын сәйкестендіруді, touch-ID саусақ ізін немесе бір реттік смс-парольді пайдалануға болады. E-gov mobile, Telegram Бот, Facebook және Вконтакте сияқты түрлі мобильді қосымшалар, сервистер мен әлеуметтік желілер азаматтардың өз бетінше қызмет алуына жәрдемдеседі.
Барлық сұрақтар бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-ге жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязесвка ауданы, Тимирязев ауылы, Бөкетов көшесі, 25 мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Телефон: 8 (71537) 2-15-43.

Солтүстік Қазақстан облысы

Тимирязев ауданы

Тимирязев ауылдық округі әкімінің аппараты

Дата публикации
13 февраля 2024
Дата обновления
13 февраля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
06 февраля 2026
Тимирязев ауылдық округі әкімінің халықпен кездесу
Ақпарат
11 августа 2025
"СҚО Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы АНОНС
Ақпарат
21 августа 2024
Асфальт жабынын төсеу жұмыстары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы