2024-2025 жылдардың қысқы кезеңінің басынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жауын-шашын (қар) нормадан көп түсті. ТЖ туындау қаупін азайту, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық шығын мөлшерін азайту мақсатында, тұрғын үйлердің, өндірістік ғимараттардың, объектілердің шатырларын қардан тазарту бойынша алдын ала іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етуіңіз, әсіресе үлкен алаңдары бар объектілерге (автовокзалдар, мектептер, мектеп-интернаттар, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, қарттар үйлері, ауруханалар, сауда үйлері, сауда орталықтары, базарлар және т.б.) назар аударуыңыз қажет.