Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 2 қаулысы ауа тамшыжолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы
Қазақстан Республикасы халқының арасында ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус инфекциясы,тұмаужәнебасқадажітіреспираторлықвирустықинфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) басшылары:
1) медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын;
2) халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.
2. Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына, Орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға:
1) халықтың көп жиналатын жерлерінде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным берілсін.
3. Осықаулыныңорындалуынбақылаудыөзімеқалдырамын.
4. Осықаулықолқойылғанкүнненбастапкүшінеенеді.