"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-нің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі,
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.
1) жер учаскесін алуға кезекке қою;
2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
4)Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
5) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 2, оның ішінде көрсетілді-2, бас тартылды-0, кері қайтарылды-0;
тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-2;
электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -2.
Ақпарат әкімдіктің парақшасында "Facebook" интернет-ресурсында жарияланады және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылады: https://www.gov.kz/. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат ауылдық округтің байланыс нөмірлері бойынша да ұсынылуы мүмкін: 8(71537) 2-45-21.
2024 жылы 34 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, барлығы 240 дана брошюра таратылды. Ауыл тұрғындары арасында Zoom платформасында оқыту жүргізілді. Оқыту барысында egov-mobile қосымшаларын пайдалану, сондай-ақ үйден шықпай-ақ қажетті "Онлайн" электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды қамтитын мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін "электрондық үкімет" порталын пайдалану дағдылары оқытылды.
2024 жылы үкіметтік емес ұйымдармен бір жеке қабылдау өткізілді.
"Facebook" әлеуметтік желісінде 12 тікелей эфир өткізілді,оның ішінде 8 мемлекеттік қызмет көрсету ережесі және ауылдық округ әкімінің тоқсандағы 4 есебі.
"Facebook" әлеуметтік желісінде 2024 жылы 58 оқыту бейнеролигі, 22 брошюра жарияланды.
Ауылдық округте электрондық қызметтерді танымал ету бөлігінде ауыл тұрғындарының электрондық қызметтерді алуына қол жеткізу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 2024 жылы 34 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
Ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2024 жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, электрондық мекенжай бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдарға www.1414.kz, жоқ.
Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына негізделген шағымдар түскен жоқ.