«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін қоғамдық талқылау туралы
ХАТТАМА
Мичурино а. 2025 жылы 14 қантар
Төрағалық етті:
Азамат Өмірзақұлы Жұмабаев - Мичурин ауылдық округінің әкімі
Қатысты: Ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты маман, ауылдық округінің тұрғындары.
Күн тәртібі:
Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирді Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімі Азамат Өмірзақұлы Жұмабаев жүргізді.
Трансляция барысында 276 жазылушы тікелей эфирді тамашалады.
Тікелей эфирге сілтеме: https://www.facebook.com/100081249832511/videos/962522858580871/
Баяндама нәтижесінде сұрақтар туындаған жоқ.
Осы Есепті талқылау нәтижесінде келесі ұсыныстар қабылданды:
- "электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің жалпы санынан "электрондық үкімет порталы" арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі " жоспарлы көрсеткішінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша-2025 жылы әрбір қызмет бойынша 100%;
Мерзімі: тұрақты
- стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсетуге;
- стандарттар, ережелер мен нормативтік құқықтық актілер арасында құқықтық қайшылықтар анықталған жағдайда оларды жою жұмыстарын жүргізу;
Мерзімі: тұрақты
Осы хаттаманың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мичурин ауылдық округінің әкімі А.Ө.Жұмабаев