Хаттама

ПРОТОКОЛ

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін қоғамдық талқылау туралы

 

Мичурино а.                                                              2024 жылы 19 қантар

 

 

Төрағалық етті:

Азамат Өмірзақұлы Жұмабаев - Мичурин ауылдық округінің әкімі

 

Қатысты: Ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты маман, ауылдық округінің тұрғындары.

 

Күн тәртібі:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп.

Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирді Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімі Азамат Өмірзақұлы Жұмабаев жүргізді.

Қойылым барысында тікелей эфирді 44 жазылушы тамашалады.

Тікелей эфирге сілтеме: https://www.facebook.com/100089084377310/videos/331745963014068

        

Баяндама нәтижесінде сұрақтар туындаған жоқ.

Осы Есепті талқылау нәтижесінде келесі ұсыныстар қабылданды:

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандар:
  • «Электрондық түрде көрсетілген қызметтердің жалпы санынан «электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі» нысаналы индикаторының орындалуын қамтамасыз ету - 2022 жылы әрбір қызмет бойынша кемінде 90 %;

Мерзімі: тұрақты

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандар:

- стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсетуге;

- стандарттар, ережелер мен нормативтік құқықтық актілер арасында құқықтық қайшылықтар анықталған жағдайда оларды жою жұмыстарын жүргізу;

Мерзімі: тұрақты

 

Осы хаттаманың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Мичурин ауылдық округінің әкімі                                 А.Ө.Жұмабаев

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін қоғамдық талқылау туралы ХАТТАМА
Дата публикации
19 января 2024