1) кірістер – 45 403 мың теңге:
салықтық түсімдері – 5 572 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша – 1 299 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 38 532 мың теңге;
2) шығындар –45 403 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу – 0 мың теңге:
бюджеттік несиелеу – 0 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операция бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржылық активтерін сатып алудан – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге.
1) бюджеттік заңнамада белгіленген мерзімде жоспарды ай сайын бөлуді негіздей отырып, 2024 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау;
2) бұрын аумақтық қазынашылық органдарында тіркелген, бірақ 2023 жылы аяқталмаған азаматтық-құқықтық шарттарды міндетті түрде қайта тіркей отырып, жылдық тағайындаулар шегінде ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық шарттарын белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабының 3 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітуді қамтамасыз ету, объектілерді қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды жедел ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
4) бюджеттік мекеме бойынша дебиторлық берешекке талдау жүргізу және қаржыландырудың жеке жоспарын жасау кезінде есепке алу;
5) бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақыны толық көлемде төлеуді қамтамасыз ету;
6) қаржы жылы ішінде нысаналы трансферттер сомасын толық және мақсатты игеруді қамтамасыз ету, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомалары бюджет заңнамасына сәйкес осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады;
7) бюджеттік заңнамада белгіленген мерзімде экономика және қаржы бөліміне жергілікті бюджетке ай сайынғы түсімдердің болжамын ұсыну.
Ауылдық округтiң әкімі А.Темиров