
Миссиясы-халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу.
Негізгі міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы салааралық үйлестіру мен әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға және ведомстволық бағынысты мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
4) аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру, мүгедектерді және азаматтардың басқа да санаттарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.