Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округінің 2024 ж.01.02. әлеуметтік-экономикалық паспорты

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округінің 2024 ж.01.02. әлеуметтік-экономикалық паспорты

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округінің 2024 ж.01.02. әлеуметтік-экономикалық паспорты Әкімшілік орталығы: Хмельницкое а., Облыс орталығына дейінгі ара қашықтығы – 294 км., аудан орталығына дейін – 38 км. Ауылдық округ әкімі – Попова Ирина Николаевна, украин, білімі – жоғары, биология және химия пәндерінің мұғалімі, 2018 ж.26 наурызынан, С.Мұқанов атындағы Тимирязев мектеп гимназияның директоры. 2024 жылғы 1 ақпанға округтегі халықтың саны 429 адамды құрады. Ауылдық округте 1 елді мекен: Хмельницкое а. Аулалар саны – 136. зейнеткерлер 51 ерлер 202 мүгедектер 11 әйелдер 227 ҰОС-на қатысқандар 0 15 жасқа дейінгі балалар 96 ҰОС-сы мүгедектері 0 жұмыспен қамтылғандар 192 Оларға теңелгендер және ауған соғысына қатысқандар 1 студенттер 13 Қуғын-сүргінге ұшырағандар 0 Мектеп оқушылары 78 ҰОС- ардагерлерінің жесірлері 0 6 жасқа дейінгі балалар 37 Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар 117 адам немесе 27,3 %; орыстар 225 адам немесе 52,4 %; немістер 0 адам немесе 0 %; украиндар 34 адам немесе 7,9 % белорустар 33 адам немесе 7,7 % Басқа ұлт өкілдері 20 адам немесе 4,7 % 2024 жылғы қаңтар айына халықтың миграциясы және демографиясы: келгендер 0 кеткендер 1 туғандар 2 қайтыс болғандар 2 миграциялық өлшем (+/-) -1 Өнеркәсіп Ауылдық округте нан және нан өнімдерін пісірумен «Сағат-СК» ЖШС-гі айналысады, тәулігіне 100-120 бөлке, бөлкенің құны 120 теңге. Ауыл шаруашылығы Ауылдық округтің жалпы алаңы – 24108 га, ауылшаруашылық жерлер-23114 га , оның ішінде жайылымдық жерлер–3741 га, жыртылған жерлер-19093 га. Ауыл шаруашылыққа берілген жерлер – 22001 га. Жайылымдық жерлерде жаз айларында бағылатын малдарға қажетті азық-шөп жеткілікті. Округ аумағында 21 ауыл шаруашылық құрылымдары бар, олардың 5 – ЖШС, 16 шаруа қожалықтары. 2023 жылға округ бойынша жалпы егістік алқабының көлемі 16924.0 га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар - 9684 га, майлы дақылдар - 7243 га. «Сағат-СК» ЖШС барлығы – 11949 га, дәнді дақылдар – 4913 га, оның ішінде жұмсақ бидай – 1400 га, күздік бидай – 3513 га, майлы дақылдар – 6858 га, оның ішінде зығыр – 2627га, күнбағыс – 4231 га. «Есей – Агро» ЖШС-гі бидай - 132 га, «Весна» ЖШС-гі бидай-237 га.,«Колос» ЖШС-гі-300 га дәнді дақылдар, оның ішінде 100 га - бидай, 200 га - бұршақ екті. Шаруа қожалықтарының егістік алқабы 4484 га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 4099 га., бидай- 3602 га, арпа – 287 га, майлы дақылдар – 385 га, оның ішінде зығыр-135 га, горчица -250 га. Округ бойынша дәнді дақылдардың түсімділігі – гектарынан 12,2 ц. құрады,майлы дақылдардың түсімділігі 8,1ц. құрады. Жеке қосалқы шаруашылықтарында 54.3 га картоп, 15,8 га бау-бақша өнімдері отырғызылды. Картоптан – 120,0 ц. бау-бақша өнімдерінен – 212,9 ц. өнім жиналды. Мал мен құстың бас саны Малдардың саны, бас 01.02.2023 ж. 01.02.2024 ж . Былтырғы жылмен салыстырғанда % ІҚМ 266 232 87,2 оның ішінде сиырлар 90 80 88,8 жылқылар 189 154 81,5 шошқалар 518 523 100,9 қойлар мен ешкілер 460 484 405,2 құстар 4483 3500 78,0 Әлеуметтік инфрақұрылым Транспорттық қатынасу: Хмельницкое ауылынан ауданға қатынайтын жол-грейдер. Ауылға кіре беріс 9 км автожолы жөнделді, жөндеуге бюджеттен 295 000,0 мың теңге қаражат бөлінді. Телефон байланысы: абоненттерінің саны - 66, оның ішінде заңды тұлғалар - 6, жеке тұлғалар – 60. Мегалайн байланысына 39 отбасы қосылған және барлық мемлекеттік мекемелер. Көше жолдарының ұзындығы -12 км. Хмельницкое ауылы ауыз суды Есіл су тарату желісінен келетін Целинное селосындағы РЭУ-3 топталған су құбырынан алады. 33 су ағатын қондырғы, 16 гидранттар бар. Суға қарыз жоқ. 80 үйге су енгізілді. Округ бойынша 145 көше жарығы орнатылған. Кәсіпкерлік 2024 ж. 1 ақпанға ауылдық округте 5 жеке кәсіпкерлер бар.Олардың 4 дүкен, 1-адам тасымалдау. Қоғамдық асхана -1, онда 5 адам жұмыс істейді. Салықтар 2024 ж. 1 ақпанға салық жинағы 354 504,00 теңгені құрады, оның ішінде , жеке тұлғалардан транспорттық салық – 53 073,0 теңге, жер учаскелерін сатудан түскен –0 теңге, біртөлемдік жер салығы – 293 930 теңге, жер учаскелерін пайдаланғандары үшін төлем (ауыл шаруашылық құрылымдары) – 0 теңге. Жеке салық төлемі – 7 500,0 теңге. 2024 ж 01 ақпанға округтің бюджеті «Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2024 жылға нақтыланған бюджет 90 822,0 мың теңге, оның ішінде: 1) аппаратқа – 22 391,0 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы қоры 15 084,0 мың теңгені құрайды. (111 сп.- 10154,0 мың т.; 112 сп.-1 692,0 мың т., 113 сп.-1692,0 мың т.; 121 сп.-604,0 мың т.; 122 сп.-373,0 мың теңге., 124 сп – 355,0 мың теңге), ағымды шығындар – 7 307,0 мың теңге. 2) мәдени-демалыс қызметін қолдау – 66871,0 мың теңге. 3) Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру – 360,0 мың теңге. 4) Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету – 200 мың теңге. 5)Елді мекендерді санитарлық қамтамасыз ету- 1 000,0 мың теңге Мемлекеттік қызметшілердің штат саны 2 дана бірлік. Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау 2024 ж. 1 ақпанға жұмыссыздардың саны 6 адам. Тұрмысы аз қамтылған отбастары – 1 . 2024 ж. 01.02. Тіркелген жұмыссыздардың саны, адам 0026а0. Ресми жұмыссыздардың деңгейі, %. 1,4 Жұмыспен қамтылғандар, адам 4 Әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың саны 0 Тұрмысы нашар отбастары 3 Білім беру және спорт Жас түлектерге білім беретін орта мектеп бар, мектепте сабақ орыс тілінде жүргізіледі.Балалардың жалпы саны - 78, оқушылар- 68, мектепке дейінгі сыныпта – 10 бала. Шағын – орталықтағы балалардың саны 17. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 80 пайызы мектепке дейінгі тәрбие алады. Барлық оқушылар және шағын орталықтағы балалар ыстық тамақ даярланады.7 заманға сай сыныптар бар, олар интернетпен қамтамасыз етілген. Спорт зал, спорттық алаң бар. Денсаулық сақтау Халыққа фельдшерлік пункт медициналық көмек көрсетеді, орта медициналық білімі бар маман қызмет көрсетеді. Мәдениет Округте 2 кітапхана жұртшылыққа қызмет көрсетеді (селолық кітапхана және мектепте). Кітап қоры – 5668 дана. Округ аумағында діни қоғамдастықтары жоқ. Халықтың бос уақытын, мерекелік шараларды, тақырыптық кештер, би кештерін өткізетін «Хмельницкий селолық клубы» мемлекеттік мекемесі бар. Селолық кітапханада кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, тақырыптық және әдебиет кештері, әңгімелер мен викториналар, дөңгелек үстелдер, экологиялық репортаждар өткізіліп тұрады. Абаттандыру Тұрмыс қалдықтарын төгетін орын бар. Тұрмыс қалдықтары басқа да қоқыстар сол бөлінген жерге төгіледі, маңайын жинап, үюге бюджеттен 1 000,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2023 жылы шілде айында жұмыстар атқарылды. Құқық қорғау Округте учаскелік инспектор, полиция капитаны Мұстафин Әділхан Садықұлы қызмет етеді. Ол мектеп оқушыларымен, жастармен профилактикалық әңгімелер өткізеді, сондай-ақ селодағы тұрғындармен жиі кездесіп тәртіп сақтауды талап етеді. Ауылда қоғамдық кеңес құрылған. Жұмысқа қоғамдық ұйымдар мен жастар тартылған. 2024 жылға жоспарлар мен тапсырмалар 2024 жылға келесі жобалар жоспарлануда: 1. Селолық клуб аумағын абаттандыру – 7 025,0 мың теңге 2. Су тарату желілерін бұрғылау арқылы жөндеу - 6 424,0 мың теңге. 3. Балалар алаңын орнату – 10 200,0 мың теңге 4. Селолық клуб ғимаратын жөндеу – 13 181,0 мың теңге. 5. Өрт сөндіру қондырғыларын (гидранты) жөндеу - 1 200,0 мың теңге. 6. Жолдарды жөндеуге, іздестіру-жобалау жұмыстарына – 12 695,0 мың теңге Мәселесі шешілмеген сұрақтар - селолық клубқа жылу қазандығын орнату; - мектептің шатырын ауыстыру; - мектептің терезелерін ауыстыру; - мектептің кіре берісін, табалдырығын жөндеу Проблемалық мәселелерді шешу жолдары: – Ауылдық клубқа қазандық орнатуға қаражат бөлу керек - Мектеп аудандық білім бөлімінің жобалық-сметалық құжаттамасын жасауды талап етеді.
Дата публикации
31 января 2024