Миссия – халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға көмектесу.
Негізгі мақсаттар:
1) өз құзыреті шегінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласында салааралық үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3) өмірлік қиын жағдайда қалған және ведомстволық бағынысты мекемелердегі адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
4) аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерге және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.