Жаңа жылдан бастап Қазақстанда кедейлік шегі жаңа тәсілмен анықтала бастады. Ол өңірлік медиандық табыстың 35 пайыз деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінен 70 пайыздан төмен емес деңгейде болуға тиіс деп айқындалған. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек отбасының әр мүшесіне шаққандағы жиынтық табысы осы кедейлік шегінен төмен отбасыларға тағайындалады. Жалпы былтыр елімізде 78,1 мың отбасынан 413,7 мың адам АӘК алды. Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 31,9 мың отбасындағы 169,1 мың адамға 2,3 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды. Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Қыстың соңғы айы аяқталып, көктем жақындап келе жатыр. Көктемнің алғашқы айы наурызда қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наурызда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Демалыс күндері ауыстырылуына байланысты азаматтар қосымша демалыс күндерін алады.
2025 жылғы наурызда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 наурызға ауыстырылады.
Наурыз - жылдың басты мерекелерінің бірі. 2025 жылы мереке күндері жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дзержинский ауылдық округі әкімінің аппаратымен "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша брошюра әзірленді.
Аудандық маңызы бар Дзержинское-Ақсуат жолының бойында ұзындығы 7 км сенбілік өткізілді.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Дзержинский ауылдық округінде ағаш отырғызу, шөп шабу, ағаштарды ақтау бойынша сенбіліктер өткізіледі.
«Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде аудандық және кентішілік жолдардың су өткізу құбырларын тазарту» жұмыс өткізілді